Өскеменде 5 қабатты үй өртенді
15 адам эвакуацияланды
Өскеменде өрт сөндірушілер бес қабатты үйден шыққан өрттен 15 тұрғынды эвакуациялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Өскеменде Бобровская көшесінде 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Онда тұратын әйел түтін басқан бөлмеден өз бетінше шыққан. Бірнеше минут ішінде келген өрт сөндіру бөлімшелері қалың қою түтін басқан кіреберістен 15 тұрғынды эвакуациялап, жылы «Вахта» автокөлігіне орналастырды.
Жалпы 15 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге 14 өрт сөндіруші мен 5 техника жұмылдырылды. Өрттің алдын ала себебі ретінде электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау нұсқасы қарастырылып отыр.