Halyq Uni логотип
×

Алматыда полицейлерге шабуыл жасаған 12 адам сотталды

Өткен жылы қызметтік міндеттерін орындау кезінде күш көрсетудің 21 дерегі тіркелген

 Динара Амантай 23.01.2023 | 16:46
Алматыда полицейлерге шабуыл жасаған 12 адам сотталды
Фото: Halyq Uni

Алматыда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған 12 адам сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы қалалық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының мәліметінше, өткен жылы қалада полиция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындау кезінде күш көрсетудің 21 дерегі тіркелген. Аталған эпизодтар бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді.

12 дерек бойынша сот үкімі шығып, кінәлілер заңнамаға сәйкес лайықты жазасын алды. Биыл қаңтар айында департаменттің тергеу бөлімі 3 қылмыстық іс тіркеп, күдіктілер қамауға алынды. Билік өкілдеріне күш қолданудың әрбір дерегі ерекше бақыланады. Сонымен қатар, билік өкіліне қарсы қорқыту немесе күш қолдану қылмыстық жазаланатын әрекеттер болып саналатынын және  3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, – деді Алматы қаласы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерік Жұмабай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама