×

Қостанайда наркоздан кейін комаға түскен үш жасар баланың өліміне қатысты тергеу басталды

Қазір қажетті тергеу әрекеттері, сараптама жүргізіліп жатыр

 Халық үні 23.01.2023 | 12:04
Комаға түскен үш жасар Әмір, фото: ng.kz

21 қаңтарда Қостанайда бір айдан бері комада жатқан үш жасар баланың есін жимастан қайтыс болғаны хабарланды.

15 желтоқсанда Қостанайды төрт балаға жоспарлы ота жасалып, барлығына анестезия пайдаланылған. Ота сәтті өткеніне қарамастан, екі сағаттан кейін балалар есін жимай, жата берген. Ал бірнеше сағат өткен соң балалардың дене қызуы күрт көтерілген.

Ота жасалған күні Әмір есімді үш жасар баланың тыныс алуы қиындап, артынан жансақтау бөліміне түскен. Әмір бір айдан астам уақыт жансақтау бөлімінде жатып, 21 қаңтарда есін жимастан қайтыс болды.

Полиция наркоздан кейін комаға түскен 3 жасар баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазір қажетті тергеу әрекеттері, сараптама жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама