×

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Салдарынан 1 адам қаза тапты

 Динара Амантай 23.01.2023 | 10:43
Фото: aikyn.kz

Павлодар облысындағы тас жолда жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 22 қаңтарда шамамен сағат 18:00-де Павлодар – Қызылорда автожолының 1 293-шақырымында үш көлік: ВАЗ 2110, Toyota Camry, Mercedes-Benz GL 450 жол апатына ұшыраған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 25 жастағы ВАЗ 2110 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Тағы 4 адам зардап шегіп, әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі кәмелетке толмаған.

Көліктер мамандандырылған тұраққа қойылды. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіледі. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама