Коронавирус жұқтырғындар саны азайып келеді

Дәурен Ерболат

2 мыңға жуық науқас аурудан емделіп жатыр

Фото: АГН «Москва»/ Кирилл Зыков

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны азайды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте елімізде 35 адам коронавирус жұқтырды.

23 қаңтардағы мәлімет бойынша 1 837 адам COVID-19-дан емделуде.

Олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 698 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 8 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше 58 адамнан COVID-19 табылған еді.