×

Ауылда әйел екі баласымен бірге ыстан уланып қалды

Үй иесі мамандардың былтыр түсіндірген өрт қауіпсіздігі талаптарына мән бермеген

 Еркеғали Болатұлы 22.01.2023 | 14:22
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында пештің мұржасы бітелген үйдің адамдары ыс тиіп уланды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға кеше Ақтоғай ауданындағы Басқамыс ауылында болған. 1976 жылы туған әйел және оның екі баласы улы газдан уланып, ауруханаға түсті. Қазір зардап шеккендердің жағдайы орташа.

Оқиға орнында жұмыс жүргізу барысында ұзақ уақыт бойы тазаланбаған пеш мұржасының улы газбен улануға себеп болғаны анықталды. Соның салдарынан үй ішіне улы газ тараған, - деді құтқарушылар.

Былтыр 7 қазанда профилактикалық шаралар кезінде мамандар дәл осы үйге кіріп, жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірген болатын. Бірақ үйдің иесі оған мән бермеген.

Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, пештің мұржасын 3 айда, кемінде бір рет тазалап отыру қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама