×

Ақсулық ветеринар ит атқаны үшін жауапқа тартылды

Ол ит атуға ауыл тұрғындарының арызы бойынша шыққан

 Еркеғали Болатұлы 22.01.2023 | 13:30
фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі Павлодар облысында итті атып өлтірген ер адамды жазалағанын хабарлады.

Айта кетсек, осыдан екі күн бұрын Ақсу қаласы Қалқаман ауылының полиция бөліміне бір әйел өзінің итін белгісіз біреулердің өлтіріп кеткенін айтып шағымданған.

Ішкі істер министрлігі бұл деректің полицияда тіркелгенін растады. Учаскелік полиция инспекторы материалды пысықтау барысында 18 қаңтарда ауыл тұрғындарының арызы негізінде Ақсу қаласының ветеринария бөлімі мамандарының қаңғыбас иттерді атқанын анықтады.

Аталған факті бойынша полицейлер оқ атқан 24 жастағы ветеринарлық қызметкерге қатысты ӘҚБтК-нің 407-2 бабы бойынша әкімшілік іс қозғап, 20 АЕК (69 мың теңге) айыппұл салды, - деді Ақсу қалалық ПБ бастығы Дәулет Молдабаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама