Halyq Uni логотип
×

Жыры бітпеген ЖЭС: Екібастұз тұрғындары тағы жылусыз отыратын болды

36 жеке тұрғын үй мен 56 заңды тұлғада бір тәулік бойы жылу болмайды

 Еркеғали Болатұлы 22.01.2023 | 12:25
Жыры бітпеген ЖЭС: Екібастұз тұрғындары тағы жылусыз отыратын болды
фото: ашық дереккөз

Екібастұзда төрт учаскедегі жылу желілерін жөндеу жоспарланып отыр. Осыған байланысты 3 көпқабатты үй, 36 жеке тұрғын үй және 69 заңды тұлға жылудан уақытша ажыратылады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Ақауы бар М.Жүсіп көшесі, 58/1 және М.Әуезов көшесі, 61/1, 65 учаскелерінде жұмыс жүргізіледі. Осыған байланысты 3 көпқабатты тұрғын үйге жылу беру бірнеше сағатқа тоқтатылады.

Сондай-ақ Королев көшесінен Әуезов көшесіне дейін 19-жылу камерасының учаскесі алмастырылады. 36 жеке тұрғын үй мен 56 заңды тұлғада бір тәулік бойы жылу болмайды.

Бұдан бөлек, Қонаев-Бұқар жырау көшелерінде ақауы бар учаске ауыстырылады. Осыған байланысты таңғы сағат 9-дан түскі 15.00-ге дейін 13 заңды тұлғаны жылудан ажырату жоспарланған.

Жұмысқа барлығы 6 дәнекерлеуші, 12 слесарь және 4 инженерлік-техникалық қызметкер, сондай-ақ 4 арнайы техника жұмылдырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама