×

Шекарадан 275 келі зергерлік бұйымдарды өткізбек болғандар ұсталды

Екі ер адам 8 жол сөмкесін алып өтпек болды

 Динара Амантай 21.01.2023 | 14:14
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қордай шекарасынан 300 келіге жуық құнды заттарды өткізбек болғандар ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

19 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстанның екі азаматының ірі көлемде зергерлік бұйымдарды кіргізу әрекетінің жолын кесті.

Шекаралық тексеру барысында автокөлік салонында жалпы салмағы 275 келі зергерлік бұйымдар салынған 8 жол сөмкесі анықталды.

Зергерлік бұйымдар Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімшелеріне одан әрі тексерістер жүргізу үшін берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Боксшы әлем чемпионы атағын екінші рет 13 мамырда АҚШ-та қорғайды
30.03.2023 | 14:07

Серік Қүдебаев сотқа мәжбүрлеп жеткізілетін болды

Бұрын Алматы облысы полициясын басқарған Күдебаев қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған еді
30.03.2023 | 13:51

Түркия парламенті Финляндияның НАТО-ға мүшелігіне дауыс береді

Осы аптада Скандинавия елі Солтүстік Альянсқа қосылады
30.03.2023 | 13:30