БҚО-да 45 жастағы ер адам досын өлтірді

Динара Амантай

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: Halyq Uni

БҚО-да бірлесіп ішімдік ішудің арты адам өлімімен аяқталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Жәнібек ауылында 45 жастағы ер адам 35 жастағы танысын үйіне шақырып, бірге спирттік ішімдік ішкен. Кейін олардың арасында жанжал туындап, үйдің иесі досына дене жарақатын салған.

Жәбірленуші алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.