×

Лифтідегі жағдай: жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық іс қозғалды

Видеодағы энергетика министрлігінің қызметкерлері екені айтылды

 Халық үні 20.01.2023 | 17:53
Фото: Владислав Воднев

Энергетика министрлігі қызметкерлеріне қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұған дейін әлеуметтік желіде лифтте болған оқиғаға энергетика министрлігі қызметкерлерінің қатысы бар екені айтылды.

Астана қаласының полиция департаментінің хабарлауынша, желідегі жалған ақпаратқа байланысты қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Азаматтардың құқығы мен заңды мүддесіне елеулі зиян келтіретін жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - делінген полиция таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, видеодағы энергетика министрлігінің қызметкерлері екені айтылғаннан кейін ведомство ол ақпаратты жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама