Halyq Uni логотип
×

«Ота емес, жай емдік шара». Юрий Пя Назарбаевтың қазіргі жағдайын айтты

Тұңғыш президент Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта жүрегіне ем қабылдады

 Ербол Тұрымбет 20.01.2023 | 17:09
«Ота емес, жай емдік шара». Юрий Пя Назарбаевтың қазіргі жағдайын айтты
Фото: Halyq Uni

Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың хирургия жөніндегі директоры Юрий Пя тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай емдік шара оған бірінші рет жасалып тұр. Емшара шамамен 2,5 сағатқа созылған. Бірақ бұл ота емес.

Осы жерін нақтылап айтқым келеді. Өйткені, қоғамда емшара мен отаны шатастырып жатады. Бұл жай ғана емдік шара. Емдік диагностикалық шара өтті. Ал отада кеуде мен ішкі құрылыстар ашылады, - дейді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев жуық арада, бүгін-ертең шығуы мүмкін. Оны осы шараға қатысқан дәрігерлер командасы талқыға салып барып шешеді.

Юрия Пяның айтуына қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаев осы клиниканың ашылғалы бергі пациенті. Әрі әрбір қазақстандық МӘМС қоры арқылы медициналық көмек ала алатыны сияқты, бұл жолы да тегін болған. Ол бюджет есебінен қаржыландырылады және еліміздің ешбір азаматы оған ақы төлемейді. Сондықтан Назарбаевқа да ерекшелеп қарайтын жөні жоқ.

Ұзақ уақыттан бері Нұрсұлтан Назарбаевтың дәрігер кеңесшісімін, қажет болған жағдайда шақырып, кеңес алып тұрады, - дейді Юрий Пя.  

Сөзіне қарағанда, бүгін жасалған емдік шара былтыр жоспарланған. Қолы босамайтындықтан әрі денсаулық жағдайына байланысты өзіне қолайлы болған кезде жоспарлы түрде жасалатын болып, сол бүгін өткізілген. Бірақ, диагнозы мен нақты денсаулық жағдайы пациенттің өзіне ғана мәлім болуы тиіс екенін айтады.

Жұрттың Нұрсұлтан Әбішұлының жағдайына алаңдаушылығын түсінем. Бірақ ондай мәліметтің жарияланып кетпеуіне әрбір азаматтың құқы бар. Қазір өзін жақсы сезінеді. Бұрын біз кезде ол кісімен бірге ғарышқа ұшқым келетінін айтқан едім. Оның жүрегінің қаншалық мықты екенін осыдан-ақ білуге болатын шығар. Қазір де сол мықты қалпында, - дейді дәрігер.  

Сондай-ақ, хирург емшараның тұңғыш президенттің жұмыс кестесіне байланысты бүгін өткізілгенін және соңғы кездері бастан өткерген жағдайға қатысы жоқтығын мәлімдеді. Ал Назарбаев осыған дейін де клиниканың пациенті және бүгінгі ем жоспарлы шара әрі қалыпты жағдай болса, оны баспасөз қызметінің арнайы жариялауының не мәні бар деген сұрағымызға «бұл «Сарғыш басылымдарға» қызық болған сияқты. Өз ойым, БАҚ-та жалған ақпарат жарияланды. Осылай жариялаудың мәні осында деп ойлаймын», деп жауап қатты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама