Halyq Uni логотип
×

Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауының басты он ерекшелігі аталды

Кезектен тыс сайлау 2023 жылдың 19 наурызында өтеді

 Халық үні 20.01.2023 | 16:48
Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауының басты он ерекшелігі аталды
Фото: Владислав Воднев

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин алдағы сайлаудың басты он ерекшелігін атады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Біріншісі – 2004 жылдан кейін алғаш рет мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады (98 депутаттың 29-ы).

Екіншісі – үміткерлерге партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін өзі ұсынуға мүмкіндік бар.

Үшіншісі, бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды, - деп жазды Қарин.

Төртіншісі – партиялардың парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді.

Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады.

Сондай-ақ мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы ассамблеясының квотасы болмайды.

Алғаш рет мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында «бәріне қарсымын» деген баған сайлау бюллетендеріне енгізіледі, - деді Ерлан Қарин.

Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді.

Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді.

Оныншы – сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді, ал республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны төртеу болады.

Айта кетейік, мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызында өтеді.

Мемлекет басшысы Парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы саяси бәсекені күшейтетінін айтты.

«Мұның бәрі саяси бәсекені күшейтеді, саяси жүйенің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ саясаткерлердің жаңа буынының қалыптасуына жол ашады. Сайлау науқанын ұйымдастыру және оны өткізу ісінде аумақтық сайлау комиссиялары маңызды рөл атқарады. Енді облыстық сайлау комиссиялары кәсіби түрде тұрақты жұмыс істейді. Бұл шешім сайлауға қатысты іс-шаралардың сапалы атқарылуын қамтамасыз етеді», - деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, сайлаудың заңға сәйкес өтуіне, әділ әрі ашық болуына қатаң бақылау жасалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама