Оралда көлікті айдап кеткен жолаушы жантүршігерлік апаттан қаза тапты
Ол үйге соғылып, газ құбыры мен екі электр бағанын бұзды
Орал қаласында көлікті айдап кеткен жолаушы жол апатын жасап, соның салдарынан өзі қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, таңертең патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Исатай-Махамбет көшесінде Lexus 570 көлігін тоқтатқан. Жүргізуші патрульдік көлікке барған сәтте Lexus жолаушысы рөлге отырып, жасырынуға тырысқан. Ол Абай даңғылы мен Исатай-Махамбет көшесінің қиылысында үйге соғылып, газ құбыры мен екі электр бағанын бұзды. Көлік басқарған ер адам оқиға орнында қаза тапты.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.