×

Қазақстанда жұмыс істемейтін, білім алмайтын жастардың қатары жарты миллионнан асты

Былтыр NEET санатындағы жастар саны 207 мың болған

 Дәурен Ерболат 20.01.2023 | 13:14
көрнекі фото: Halyq Uni

Қазақстанда жұмыс істемейтін, білім алуға талпынбайтын 505 мыңға жуық жас бар. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Республика бойынша 505 мыңға жуық NEET санатындағы жастар бар. Былтыр олардың саны 207 мыңға жуық болатын. Жастар санаты 35 жасқа дейін ұлғайғанына байланысты көрсеткіш те өсті. Өткен жылдары 14-29 арасындағы жастарды санасақ, қазір 14-35 жас аралығындағы жастарды санап отырмыз», - деді Данияр Қадыров ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, мұндай санаттағы жастар қылмысқа жиі барады.

«Олардың құқықбұзушылыққа бару себебі – жұмыссыздық. Бұл – кешенді мәселе. Олар оқымайды, бос уақытын текке өткізеді. Үкімет тарапынан жасалып жатқан бағдарламалар бар. Жастар ресуртық орталықтары жұмыс істеп жатыр», - деді вице-министр.

Айта кетейік, былтыр Қазақстанда NEET санатындағы жастардың саны 200 мыңнан астам болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама