Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне операция жасалды
Айдос Үкібай операцияның сәтті өткенін хабарлады
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне операция жасалды. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне ота жасалды. Операция сәтті өтті. Тұңғыш президенттің өміріне қауіп жоқ. Ол қазір дәрігерлердің бақылауында, - деп жазды Үкібай.
Операция ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен өтті.
Айта кетейік, 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеу жолдап, мерзімінен бұрын президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.
2022 жылы өткен референдумда Конституциядан Елбасыға қатысты нормалар алынып тасталды.
2023 жылдың 13 қаңтарында Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан конституциялық заңының жобасы екінші оқылымда қабылданды.
Сондай-ақ Назарбаев «Құрметті сенатор» атағынан айырылды.