2027 жылдан бастап заңсыз байығандарға жауапкершілік енгізіледі
2022 жылы жалпыға бірдей декларациялау аясында алғаш рет 576 872 мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырды, деп деп жауап берді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Halyq Uni редакциясыныың ресми сауалына.
2023 жылдың 16 қаңтарындағы мәлімет бойынша жалпыға бірдей декларациялау аясында 29 000 тұлға жеке тұлға кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырмаған. Оларға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сай, салық органдары оларға бірінші рет ескертумен шектелді.
Егер ескерту жасалғаннан кейін жеке тұлға тарапынан бір жыл ішінде қайталап бұзушылық орын алған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, – дейді комитет.
ДЕКЛАРАЦИЯНЫ КІМДЕР ҚАШАН ТАПСЫРАДЫ?
ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРҒАНДА ТАБЫС ПЕН МҮЛІКТІҢ ЗАҢДЫ ЖОЛМЕН КЕЛГЕНІН ДӘЛЕЛДЕУ КЕРЕК ПЕ?
Комитеттің мәліметінше, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндеттеме пайда болған жылдан кейінгі бірінші есепті кезең үшін ұсынылған жеке тұлғаның табысы мен мүлкі туралы декларациялар тексерілмейді.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ШЕТЕЛДЕ ЕСЕПШОТТАРЫ МЕН ҮЙЛЕРІ БАР
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша:
2023 ЖЫЛДАН БАСТАП КІМДЕР ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРУЫ КЕРЕК?
Қазіргі уақытта Комитетпен мемлекеттік қызметкерлердің алдын ала тізіміне сәйкес екінші кезеңдегі жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270 нысан) тапсыратын мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері және олардың жұбайларының саны 1,4 млн қызметкерді (13 950 ұйым қызметкері) құрайды.