×

2023 жылы мұғалімдер мен дәрігерлер декларация тапсырады. Табыстың заңдылығын дәлелдеу керек пе?

2027 жылдан бастап заңсыз байығандарға жауапкершілік енгізіледі

 Бауыржан Мұқанов 20.01.2023 | 12:10
Коллаж: Halyq Uni

2022 жылы жалпыға бірдей декларациялау аясында алғаш рет 576 872 мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырды, деп деп жауап берді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Halyq Uni редакциясыныың ресми сауалына.

2023 жылдың 16 қаңтарындағы мәлімет бойынша жалпыға бірдей декларациялау аясында 29 000 тұлға жеке тұлға кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырмаған. Оларға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сай, салық органдары оларға бірінші рет ескертумен шектелді.

Егер ескерту жасалғаннан кейін жеке тұлға тарапынан бір жыл ішінде қайталап бұзушылық орын алған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, – дейді комитет.

ДЕКЛАРАЦИЯНЫ КІМДЕР ҚАШАН ТАПСЫРАДЫ?

  • 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап – мемлекеттік қызметкерлер, олардың жұбайлары мен оларға теңестірілген азаматтар тапсырды;
  • 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап – мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларын қосқанда) және олардың жұбайлары тапсырады; 
  • 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап – заңды тұлға жетекшілері мен құрылтайшылары мен олардың жұбайлары және жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсырады;
  • 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап – қалған барлық азаматтар тапсырады; 
  • 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап – барлық декларация жинақталғаннан кейін «заңсыз байығандарға» жауапкершілік енгізіледі. 

ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРҒАНДА ТАБЫС ПЕН МҮЛІКТІҢ ЗАҢДЫ ЖОЛМЕН КЕЛГЕНІН ДӘЛЕЛДЕУ КЕРЕК ПЕ?

Комитеттің мәліметінше, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндеттеме пайда болған жылдан кейінгі бірінші есепті кезең үшін ұсынылған жеке тұлғаның табысы мен мүлкі туралы декларациялар тексерілмейді.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ШЕТЕЛДЕ ЕСЕПШОТТАРЫ МЕН ҮЙЛЕРІ БАР

 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша:

  • 354 жеке тұлғаның 59 елдің шетелдік банктерінде жалпы сомасы 529 млрд теңгеге банктік шоттары бар. Шетелдік банктердегі ең көп сома Біріккен Араб Әмірлігі, Сингапур және Швейцарияға тиесілі;
  • 377 жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі 25 елде тіркелген 466 жылжымайтын мүлікті жариялады.  Елдер контекстінде ең көп сан Ресей Федерациясына, АҚШ-қа, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Түркияға келеді;
  • 124 жеке тұлға 24 елде тіркелген бағалы қағаздары туралы ақпарат берді.  Ең көп саны АҚШ, Ресей Федерациясы, Ұлыбританияда. 

2023 ЖЫЛДАН БАСТАП КІМДЕР ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРУЫ КЕРЕК?

Қазіргі уақытта Комитетпен мемлекеттік қызметкерлердің алдын ала тізіміне сәйкес екінші кезеңдегі жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270 нысан) тапсыратын мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері және олардың жұбайларының саны 1,4 млн қызметкерді  (13 950 ұйым қызметкері) құрайды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама