Алматыда жас жігіт қызды өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсады
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алматыда ер адам қызды өлтіріп, содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Әлеуметтік желіде Розыбакиев даңғылында орналасқан сауда орталығының аумағында жас жігіт алдымен сүйіктісін өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсаған деген ақпарат тарады.
Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды. Кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтірудің мән-жайы анықталып жатыр.