Атырауда туберкулезге шалдыққан мектеп директоры қызметінен шеттетілді
Басшымен байланыста болған қызметкерлер тексеріліп жатыр
Атырауда мектеп басшысынан тубекулез анықталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы директордың жұқпалы ауруды жұқтырғанын растады.
18 қаңтарда департамент тиісті анықтаманы шығарды. Бүгінде мектеп директоры денсаулығына байланысты жұмысынан шеттетілді. Онымен жұмыста қарым-қатынаста болған қызметкерлер медициналық тексеруден өткізілетінін және мектепке тиісті санитарлық шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз, - деп жазылған хабарламада.