×

Есік қаласында наубайханашылар өрттің ішінде қалып қойды

Тұрмыстық газ баллонын пайдалану бойынша қауіпсіздік талаптары бұзылған

 Динара Амантай 19.01.2023 | 14:44
Фото: Алматы обл. ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысының Есік қаласында газ баллоны жарылып, салдарынан наубайхана қоймасында өрт шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше сағат 02:14-те кезекші бөлімнің пультіне Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы мекенжайы бойынша тұрмыстық газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша дереу ТЖД күштері мен құралдар жіберілді.

Шақырту орнына сағат 02:18-де келгеннен кейін тандыр наубайханасы қоймасының аумағында көлемі 50 литр тұрмыстық газ баллонын пайдалану бойынша қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты жарылыс болып, кейін 10 шаршы метр аумақта өрт шыққаны анықталды. Сондай-ақ 96 шаршы метр аумақта шатыр мен қабырға құлаған.

Газ баллонының жарылысы салдарынан Есік қаласының орталық аудандық ауруханасына Өзбекстанның екі азаматы екінші дәрежелі қолдары мен аяқтарының термиялық күйіктерімен ауруханаға жатқызылды.

Өрт сағат 02:32-де оқшауланып, сағат 02:38-де жойылды.

Шақырту орнына 5 қызметкер және 2 техника, 2 қызметкер және 1 жедел медициналық жәрдем бригадасының техникасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама