Қазір ол интернетте қызу талқыланып жатыр
Желіде Шымкенттегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында түсірілген видео тарады. Жазбада қалың көпшіліктің жүргізуші куәлігін алуға келгені жазылған.
«Азаматтарға арналған үкімет» оқиға Шымкенттегі №1 арнайы ХҚКО-да болғанын хабарлады. Олардың мәліметінше, мекемеге Шымкент тұрғындарымен қатар Түркістан облысының да халқы жүгінеді. Сол себепті осындай ұзын-сонар кезек қалыптасқан.