Қазнетте Шымкент ХКҚО-сындағы «жарыс» видеосы тарады
Қазір ол интернетте қызу талқыланып жатыр
Желіде Шымкенттегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында түсірілген видео тарады. Жазбада қалың көпшіліктің жүргізуші куәлігін алуға келгені жазылған.
«Азаматтарға арналған үкімет» оқиға Шымкенттегі №1 арнайы ХҚКО-да болғанын хабарлады. Олардың мәліметінше, мекемеге Шымкент тұрғындарымен қатар Түркістан облысының да халқы жүгінеді. Сол себепті осындай ұзын-сонар кезек қалыптасқан.