×

Алматыдағы зираттардың жартысына жуығы жабылады

Қала әкімі Алатау ауданы тұрғындарымен кездесті

 Халық үні 19.01.2023 | 14:32
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда 30 зират жабылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кездесу барысында тұрғындардың бірі Рахат шағын ауданында екі зират бар екенін, санитарлық нормаларға байланысты халықтың жерді қолдана алмай отырғанын айтты. Соған байланысты екі зиратты жабуды сұрады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Амриннің айтуынша, қаладағы 30 зират жабылғалы жатыр.

Қалада 70 зират бар, оның ішінде 30 зират жабылғалы жатыр. Қазір жабу бойынша екі қаулы әзірленді - деді ол.

Ал қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, кей зират қала балансына қабылданбаған.

«Алдымен қала балансына қабылдап, зираттың толғанына қатысты техникалық баға беру бойынша жұмыс істейміз. Содан кейін оны жабу туралы қаулы дайындалады. Ал қазір қала балансында жоқ нысандарға қатысты шешім қабылдай алмаймын», - деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, Алматының бас жоспары бойынша қоғамдық тыңдаулар 25, 26, 27 қаңтарда өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама