Halyq Uni логотип
×

Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі басқа күнге ауыстырылды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

 Халық үні 19.01.2023 | 14:12
Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі басқа күнге ауыстырылды
коллаж: Halyq Uni

Бұдан былай Қазақстанда 1 маусымда оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты.

«Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталады», - деді комитет басшысы.

Еске салайық, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Қазақстанда оқушылардың соңғы қоңырау мерекеін 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды ұсынған еді. Себебі, 31 мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама