×

Қазақстандық студент Италияда қайтыс болды

Оқиға 17 қаңтарда болған

 Халық үні 19.01.2023 | 12:12
фото: facebook.com/poliziadistato.it

Қазақстандық студент Италияда қайтыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі растады.

Қазір марқұмның мәйітін Қазақстанға жеткізу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ СІМ марқұмның туыстарымен байланыста екенін мәлімдеді.

Италиялық L'Occhio di Salerno сайтының хабарлауынша, оқиға 17 қаңтарда болған. Қазақстандық Әсем Жарбосынды көлік қағып кеткен. Марқұм 27 жаста болған. Ол Италияның Салерно университетінде оқыған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама