×

Павлодарда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 19.01.2023 | 11:55
Фото: polisia.kz

Павлодарда жол апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 18 қаңтарда сағат 19.00 шамасында Kia көлігінің 53 жастағы жүргізушісі Орталық өнеркәсіп аймағы көшесіндегі ғимаратқа қарама-қарсы жерде рөлді басқара алмай, трамвай байланыс желісінің тірегіне соқтығысқан. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама