Каспий теңізінде жұқа мұз ойылып, ақтаулықтар суға құлап жатыр (ВИДЕО)
Облыстық ТЖД тұрғындарды мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
Маңғыстау облысында ауа температурасының күрт төмендеуінен Каспий теңізінің жағалауы мұз болып қатып жатыр. Осыған орай Ақтау қаласының тұрғындары мұзда әдемі сурет, видеоға түсеміз деп, ескертулерге құлақ аспай қойған.
Жергілікті пабликтерде адамдардың жұқа мұздың ойылып кетуі салдарынан суға түскен видеолары тарап жатыр. Солардың бірінен ер адамның беліне дейін суға түсіп кеткенін, абырой болғанда оған өзге адамдардың көмектескенін көруге (ескерту: видеода балағат сөз бар) болады.
Осыған орай, Маңғыстау облысының ТЖД тұрғындарды төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Мамандар ескертуі:
дұрыс қатпаған мұздың үстіне шықпаңыз;
топпен мұздың бетінде бір жерде жиналып тұрмаңыздар;
мұздағы жарықшақ, ойықтарға жақындамаңыз;
Айнала шамалы көрінетін ымарт және түнгі уақытта мұзға шықпаңыз.