Қазақстанда Омикрон штамы анықталды ма?
Қазақстан коронавирустың жаңа штамы бойынша шектеу шараларын күшейтеді
Коронавирус инфекциясының жаңа штамының пайда болуына орай Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап шектеу іс-шаралары күшейтіледі. Алайда, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап беріп, бүгінде Қазақстанда Омикрон штамы анықталмағанын мәлімдеді.
Вирусты секвенациялау жалғасып жатыр. Қазақстанда омикрон штаммы анықталған жоқ. Вирус секвенациясына қосымша зерттеу жүргізу қажет. Бұл қажырлы жұмысты қажет етеді. Шамамен 2-4 апта кетеді. Сондықтан бұл жұмысты бастадық. Желтоқсанның соңында Қазақстан аумағында айналымда жүрген штамм түрлеріне қатысты толық картина қолымызда болады, - деп жауап берді вице-министр.
Омикрон штамын республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ВАК 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу іс-шараларын енгізу туралы шешім қабылданды. Бірінші - Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу.
Екіншіден, «Омикрон» анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-тестілеу енгізіледі.
Үшіншіден, «Омикрон» анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануға тиіс.