×

Қызылорда тұрғынынан есірткі мен тіркелмеген қару табылды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 18.01.2023 | 16:36
Фото: polisia.kz

Қызылорда тұрғынынан тіркелмеген қару мен есірткі табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 54 жастағы тұрғынының үйіне тексеру жүргізді. Оның барысында екі полиэтилен пакетке салынған ерекше иісі бар шөп және тіркелмеген қару анықталды.

Сараптама қорытындысымен тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,3 келі кептірілген марихуана екендігі белгілі болды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ 296-бабының 4-бөлігімен («Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау») қылмыстық іс қозғалып, сондай-ақ заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама