Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда оқушылар мен студенттер үшін жол жүру тегін болуы мүмкін

Мұндай жеңілдік қаладағы оқушылар мен 18 жасқа дейінгі студенттер үшін қарастырылады

 Халық үні 18.01.2023 | 15:23
Қарағандыда оқушылар мен студенттер үшін жол жүру тегін болуы мүмкін
көрнекі фото: Halyq Uni

Қарағанды қаласы мектептерінде екі жылдан бері оқушыларға ыстық тамақ тегін беріледі. Биылдан бастап қарағандылық оқушылар мен 18 жасқа дейінгі студенттер үшін тегін жол жүруді енгізу қарастырылып жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев апаттық жағдайдағы 44 мектептің ұстаздарымен кездесуінде айтты.

«Бұл біздің балаларымызға ұтқыр болуға және қаланың кез-келген жерінде орналасқан үйірмелер мен өздері қызығушылық танытқан секцияларға қатысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл барлық отбасы үшін үлкен қолдау болады», - деп жазды әкім.

Сондай-ақ өңір басшысы 1947 жылы салынған қаладағы №44 мектептің апатты жағдайда екенін, қалпына келтіруге келмейтінін айтты. Оның орнына жаңа оқу ғимаратын салу жоспарланып отыр. Қазір оқушылар мен мұғалімдер уақытша № 64 мектепке ауыстырылды. Бұл мектеп 600 оқушыға арналған, сондықтан орын тапшылығы болмайды.

Ермағанбет Бөлекпаев 2022 жылғы 8 желтоқсанында Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін Қарағанды қаласының әкімі лауазымын атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама