×

Елімізде 15 облысқа мал жаю үшін қосымша 8,9 миллион гектар жер қажет

Жерді 100 мың гектарлап алғандар оның 30 пайызын эрозияға ұшыратқан

 Еркеғали Болатұлы 18.01.2023 | 14:15
фото: ашық дереккөз

Қазір 15 облыста жайылымдық жер тапшы. Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жаю үшін қосымша 8,9 миллион гектар жер қажет. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.

Министрлік қайтарылған жерлердің интерактивті картасын әзірлеген. Сол арқылы халық өзі тұратын аумақ бойынша (әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстарында) қайтарылған жерлер туралы ақпарат ала алады.

Ал Үкімет басшысы жайылым жерлерді ауылдың сырт жағына көшіріп, отарлық мал шаруашылығын дамыту керек екенін айтты. Сол себепті, мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді қоғамдық пайдалануға немесе жеке қосалқы шаруашылық кооперативтеріне бөліп беру қажет.

Қолданыстағы заң бұған мүмкіндік береді. Сонымен қатар, елді мекендердің маңында жайылымдық жерлердің аз болуы жеке қолдағы мал басының өсуіне шектеу қойып отыр. Сондықтан жайылымдарды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау қажет. Қажет болса, жер қорынан учаскелер беру керек. Шалғайдағы жерлерді сумен қамтамасыз ету мәселесін жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып шешкен жөн, - деді Әлихан Смайылов.

Жеке меншіктегі миллиондаған гектар жер пайдалануға келмейді. Өйткені 100 мың гектарлап алғандардың немқұрайлылығы салдарынан жердің 30 пайызы іске жарамсыз болып қалған. Яғни эрозияға ұшыраған.

Эрозияға ұшыраудың алдында тұрған жер де өте көп. Енді мемлекет меншігіне қайтарылған жерді қалай жандандыруды министрлік пен әкімдер ойластырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20