Астана маңында сарбаз қаза тапты
Оқиға 18 қаңтарда болған
Астана маңында парашютпен секіру кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады.
2023 жылдың 18 қаңтарында Астана қаласының маңайында парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты, - делінген ақпаратта.
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр.
Әскери қызметші 2022 жылдың көктемінде Қарағанды қаласынан әскер қатарына шақырылған, - деп хабарлады министрлік.
Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шараны қабылдайды.