Қазақстанда 225 Өзбекстан азаматы жазасын өтеп жатыр
Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Өзбекстан сотталғандарды қайтару туралы келісімді ратифицикациялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жалпы отырыста «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасын таныстырды.
«Қос ел арасындағы шарт еліміздің Конституциясы бекіткен талаптарды жүзеге асыруға бағытталған. Конституция халықаралық шарттарды өзгеше белгіленбесе, ел азаматын шет мемлекетке беруге болмайды деп көрсеткен. Сонымен қатар елімізден тыс жерлерде жүрген азаматтарды қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік беріледі», - деді ол.
Әсет Шындалиевтің айтуынша, қос ел арасындағы келісімшарт Конституция нормаларын жүзеге асыруға бағытталған. Ол Өзбекстан Конституциясында да бар.
Бұл келісім – Қазақстан мен Өзбекстанның бір-біріне деген сенім белгісі. Құжатқа қол қою үшін бірнеше жыл келіссөздер жүргізілді. Шартты жасамас бұрын қос ел арасындағы миграция процесі мен қылмыстық ахуал мұқият зерттелді, - деді Бас прокурордың орынбасары.
Бас прокурордың орынбасары шарт ережесіне тоқталды.
«Сотталған адамды беру үшін ең алдымен оның келісімі қажет. Ол адам жазасын өз елінде өтеу туралы ниет білдіріп, өтініш беруге тиіс. Яғни сотталғандар еркінен тыс еліне берілмейді. Мысалы, қазірдің өзінде бізде сотталған 225 Өзбекстан азаматы өз елінде жазасын өтеу туралы ниет білдіріп отыр. Сотталғандар арасында арнайы сауалнама жүргіздік. Өзбекстанда сотталған 20 Қазақстан азаматы бар. Олар да елге оралуға қарсы болмайды деп ойлаймыз, - деді Әсет Шындалиев.
Сотталғандарды беру талаптары төмендегідей:
Сотталған адамдар қандай жағдайда берілмейді:
Мәжіліс депутаттары заң жобасын қабылдады. Жалпы Қазақстан 21 елмен осындай шарт жасасқан.