×

Теңіз вахталық кентінде бір қызметкер кісі қолынан қайтыс болды

Оқиға 16 қаңтардан 17 қаңтарға қараған түні болған

 Халық үні 18.01.2023 | 11:05
Фото: Владимир Песня

Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентінде бір қызметкер қайтыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқиға 16 қаңтардан 17 қаңтарға қараған түні болған.

Атырау облысы полиция департаменті ақпаратты растады.

Күдікті ұсталды, қамауға алынды, - деп хабарлады полиция.

Жергілікті «АқЖайық» сайтының хабарлауынша, Bonatti фирмасының екі қызметкері арасында жанжал туындаған. Салдарынан 41 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды.

50 жастағы ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы («кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама