Елімізде бір тәулікте 70 адам коронавирус жұқтырды
Төрт адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 17 қаңтар күні елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы мәлімет берді.
Бүгінге келіп түскен мәлімет бойынша, 2 мың адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 169 пациент стационарда, 1 831 науқас амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 9 адамның жағдайы қиын, 5 пациенттің жағдайы өте қиын. Төрт науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.