Қазір оны жергілікті полициямен бірге еріктілер де іздеуге кірісті
Павлодар қаласында 16 қаңтар күні Павлов көшесінде орналасқан №48 үйден шығып, таксиге отырған Елена Федоровичева есімді әйелге іздеу жарияланды.
Vita ұйымының мәліметіне қарағанда, 40 жастағы әйелдің әрі қарай қайда кеткені белгісіз. Бойы – 165 см, ақ шашты. Ұзын күрте, көк түсті бас киім киген. Қазір оны жергілікті полициямен бірге еріктілер де іздеуге кірісті.
Кеше бірден іздестіру шараларына қосылдық. Белгісіз бағытқа шығып кеткен әйел бақылау камерасына түсіп қалған. Ол шамасы минивэнге отырып кеткен. Павлодар мен Екібастұз теміржол вокзалының аумақтары, бейнебақылау камералары тексерілді. Сондай-ақ оның қайда кетуі мүмкін екенін туыстарынан сұрастырдық. Өкінішке қарай, іздеу жұмыстары әзірше нәтиже бермеді, – деді атын атамауды өтінген еріктілердің бірі.
Еріктілер көлік иесінен әйелдің қайда кеткені туралы хабарлауды сұрайды.
Еріктілер әйелдің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса немесе көліктің иесін таныған жағдайда дереу мына телефон номерлеріне хабарласуды сұрайды:
+7 (747) 615 55 63 Катерина, +7 (777) 334 82 01 Светлана.