30 және 35 жастағы екі жүргізуші де БҚО тұрғындары
Ақтөбе облысының Байғанин ауданында екі көліктен киіктің мыңнан аса мүйізі табылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлескен жедел іздестіру іс-шаралары барысында Батыс Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны ұсталған. Оның автокөлігін тексеру барысында ақбөкеннің 3 қапшыққа салынған 416 дана мүйізі табылды.
Сол күні осы аудан аумағынан тағы бір топ ұсталды. Қарауылкелді ауылынан шыққан 35 жастағы тұрғынның автокөлігінен киіктің 6 қорапқа салынған 643 мүйізі тәркіленген. Бұл тұрғынның да Батыс Қазақстан облысынан екені анықталды.