×

Елорда Наурыз мерекесін қалай тойлайды

Қалада жүзден астам іс-шара өтеді

 Халық үні 17.03.2022 | 10:50
фото: Астана әкімдігі

Тұрғындар концерттер, мерекелік бағдарламалар, көрмелер, қойылымдар, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар, серуен және тағы басқларға қатыса алады.

Астананың төрт ауданында Наурыз мейрамы аталып өтетін 20-дан астам орын белгіленді, – дейді Нұр-Сұлтан әкімдігі.

  • 22 наурызда сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін барлық ауданда, соның ішінде елорда елді мекендерінде «Наурыз Думан 2022» мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. Іс-шарада ведомстволық бағынысты ұйымдардың әртістері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламасы, түрлі костюм киген кейіпкерлер мен қуыршақтар шоуының бағдарламасы қарастырылған. Сондай-ақ жиналған жұрт ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатыса алады. Оның ішінде – арқан тарту, асық ату, тоғыз құмалақ және т.б. Бұл күні мерекенің басты белгісі – «Наурыз көже» ұлттық тағамы да жұртшылыққа таратылады.
  • Алматы ауданында мерекелік іс-шара «Қазақ елі» монументі алаңы, «Студенттер» саябағы, Байқоңыр ауданында – «Ататүрік» саябағы, Жазушылар аллеясы, Есіл ауданында – ЭКСПО аумағы және Үркер елді мекені, Сарыарқа ауданында – «Көктал» саябағы және Demalys Promenade алаңында өтеді.
  • 18-19 наурызда қалада әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, жалғыз басты қарт адамдарға және халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа да санаттарына азық-түлік себеттерін тарату жоспарланып отыр.
  • 19 наурыз күні сағат 11:00-де елорданың Достық үйі алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы қала тұрғындары үшін «Қош келдің, әз Наурыз!» іс-шарасын өткізеді. Қонақтарды концерттік бағдарлама, қолданбалы өнер бойынша мастер-кластар, жәрмеңке және ұлттық спорттық ойындар бойынша жарыстар күтеді.
  • Достық үйінде киіз үйлер мен алтыбақан орнатылып, наурыз көже дайындалады. Киіз үйлерд ішінде елордалық этномәдени бірлестіктердің ұлттық нақыштағы экспозициялары қойылады. Бұған қоса әрбір киіз үйде қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтары көрсетіледі.
  • Сағат 12.00-де бес бағыт бойынша ұлттық спорттық жарыстар басталады: «Бұқа тартыс», «Асық ату», «Гір көтеру», «Қазақша күрес», «Қол күрес». Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар беріледі.
  • Концерттік бағдарламамен елорданың этномәдени орталықтарының кәсіби, көркем ұжымдары өнер көрсетеді.
  • 18-31 наурыз аралығында қуыршақ театры «Наурыз-думан» қуыршақтар шоуына шақырады. Қойылымдардың басталу уақыты: 10:00, 12:00, 14:00 және 16:00.
  • Қаланың орталықтандырылған кітапхана жүйесі де мерекеден тыс қалған жоқ. Қалалық кітапханалар күн сайын Наурыз мейрамына орай іс-шаралар өткізеді.
  • 17 наурызда №3 балалар кітапханасы «Жасай бер, Әз Наурыз» ақпарат сағатын, ал №4 балалар кітапханасы – «Көңіл көтереміз. Наурыз мерекесін қарсы аламыз» мерекелік калейдоскопын, «Наурыз – бірлік, бейбітшілік және жаңару мерекесі!» іс-шараларын өткізеді. Дәл осы күні №5 бұқаралық кітапханада «Сәлем, Наурыз!», Орталық қалалық кітапханада – «Жарқыра, жайна Наурызым!», №9 бұқаралық кітапханада – «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» кеші ұйымдастырылады.18 наурызда №2 балалар кітапханасында «Ата-баба дәстүрлі-әдептілік негіз» атты мерекелік кездесу, №4 бұқаралық кітапханада «Наурыз думан» ұлттық тарих сағаты, №7 бұқаралық кітапханада «Армысың әз наурыз! Ақ мол болсын!», № 8 балалар кітапханасына «Наурыз келеді!» іс-шарасы өтеді.
  • 19 наурызда №3 бұқаралық кітапханада «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» әңгіме-ойынын, №2 бұқаралық кітапханада «Нұр себеле – Ұлыстың ұлы күні» мерекелік кешін, №10 бұқаралық кітапханада «Қазақша стилдегі дефиле» тарих сағатын, №15 бұқаралық кітапханада «Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз!» кітап көрмесін ұйымдастыру жоспарланып отыр.
  • Сәкен Сейфуллин мұражайы осы аптада әлеуметтік желілерде Наурыз мейрамы мен Қазақ ұлттық дәстүрлеріне арналған онлайн-іс-шаралар өткізеді.
  • 25 наурызда Мемлекеттік академиялық филармонияда «Наурыз сыйы» ұлттық сыйлығы өтеді. Жоба мәдениетті ғана емес, халық шеберлеріне де арналған.
  • 18-22 наурыз аралығында Арнасай көшесі 109 бойындағы сауда павильоны аумағында Наурыз мерекесіне орай үлкен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Онда бағалар базар бағасынан 15%-ға төмен болады.

Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді. 19 бен 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді. Осылайша, наурызда азаматтар бірден бес күн – 19, 20, 21, 22 әрі 23 наурызда демалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама