×

Сырттай сотталған Әкежан Қажыгелдиннің елге оралғаны туралы ақпарат расталмады

Шекара қызметі желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

 Айгерім Таубай 17.01.2023 | 12:35
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдиннің елге оралғаны туралы ақпарат тарады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Шекара қызметінің ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерге сәйкес Әкежан Қажыгелдиннің Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан кесіп өту фактілері анықталған жоқ, - делінген  шекара қызметінің Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында.

Айта кетейік, Әкежан Қажыгелдин 1994-1997 жылдары Қазақстанның премьер-министрі болды.

Ашық дереккөздегі ақпаратқа сәйкес, Қажыгелдин 1998 жылы Қазақстаннан көшіп кетті.

Айта кетейік, 2001 жылдың 6 қыркүйегінде Астана қаласының соты Әкежан Қажыгелдинді қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және пара алды деген айып бойынша сырттай 10 жылға соттап, мүлкін тәркілеуге шешім шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама