×

Қазақстанда халық саны 50-ге жетпейтін қанша ауыл бары айтылды

Шағын ауылдар Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында орналасқан

 Дәурен Ерболат 17.01.2023 | 11:38
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда ауыл халқының саны өте аз мың ауыл бар. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Еліміз бойынша халқының саны 50 адам және одан төмен болатын шамамен мың ауыл бар. Халқының саны аз ауылдар Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында орналасқан», - деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан соң.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 6 293 ауыл бар, онда 7,8 млн-ға жуық қазақстандық тұрып жатыр.

Мемлекеттік шекарадан 50 шақырым жерде орналасқан ауылдардың саны – 1,3 мың. Ол ауылдарда 1,7 млн адам тұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама