Бір тәулікте 53 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Халық үні

4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Фото: who.int

Қазақстанда бір тәулікте 53 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

17 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 051 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 193 пациент стационарда, 1 858 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирусқа шалдыққандар арасында 10 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.