×

Астанада жасөспірім 15-қабаттан секірмек болды (ВИДЕО)

Оны мұндай іс-әрекетке не итермелегені анықталып жатыр

 Динара Амантай 17.01.2023 | 09:36
Фото: elements.envato.com

Елордалық полицейлер жасөспірімді көпқабатты үйден секіргелі тұрған жерінен құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 16 қаңтарда «102» арнасына сағат 13.00-де куәгерлерден Қалдаяқов көшесіндегі үйдің 15-қабатында ер адам терезеден аяғын салбыратып, секіруге тырысып жатқаны туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына аға лейтенант Айбек Дүйсенов пен капитан Мұратбек Омарбеков бастаған Астана қаласы ПД патрульдік полиция полкінің жасағы дереу жіберілді. Полиция қызметкерлері тез арада жоғарғы қабатқа көтеріліп, есіктерді қаға бастаған. Пәтердің есігін қыз ашып, болып жатқан жағдай туралы полицейлерден естіген.

Қалыптасқан жағдайды бағдарлай отырып, тәртіп сақшылары пәтерге жүгіріп кірген және жігіттің қозғалған сәтін пайдаланып, терезені ашып, оны ішке қарай тартып кіргізген.

17 жастағы жігітті мұндай іс-әрекетке не итермелегені анықталып жатыр. Психологтармен бірлесіп, онымен профилактикалық жұмыс жүргізілді және ол заңды өкілдеріне табысталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама