Halyq Uni логотип
×

«Көкшетау – Қызылорда» бағытындағы пойызда жолаушы әйел көз жұмды

Сотқа дейінгі тергеу басталды

 Динара Амантай 16.01.2023 | 16:54
«Көкшетау – Қызылорда» бағытындағы пойызда жолаушы әйел көз жұмды
Фото : "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі

Жамбыл облысында «Көкшетау – Қызылорда» бағытындағы пойызда жолаушы әйел қайтыс болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 14 қаңтарда Жамбыл облысының Сарышаған станциясына жақындағанда «Көкшетау – Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінде Астана қаласынан Шымкент қаласына дейін күйеуімен бірге жолға шыққан 54 жастағы әйел кенеттен қайтыс болған. Сол күні Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінде қылмыстық сипаттағы өлім белгілері жоқ мәйіттің табылғаны бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеру барысында әйелдің 2019 жылдан бастап Астана қаласы ауруханаларының бірінде созылмалы аурумен есепте тұрғаны анықталды.

Пойыз жолсеріктерінің келісімімен, күйеуі әйелінің мәйітін оралған күйінде пойыздың жұмыс істемейтін тамбуры арқылы Шымкент станциясына дейін тасымалдап, жеткізген. Ер адам сот-медициналық сараптамадан үзілді-кесілді бас тартты.

Қазір пойызда мәйітті тасымалдау фактісі бойынша материал Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама