Төбелеске қатысқандардан суық қару тәркіленді
Атырауда мейрамханалардың бірінде жаппай төбелеске жеткіншек пен бір әйел қатысқан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 15 қаңтарда сағат 05:10 шамасында Атырау қаласы Темірханов көшесінің бойындағы мейрамханада жанжал шығып, 10 адам полиция бөліміне жеткізілген. Сондай-ақ олардан суық қару тәркіленді.
Сонымен бірге, төбелеске бір кәмелетке толмаған жеткіншек пен әйелдің қатысқаны анықталды.
Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Аталған дерекке қатысты құжаттар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.