Қарағанды облысында ер адам 5-қабатқа атпен көтерілген (ВИДЕО)
Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді
Қарағанды облысында полицейлер 5-қабатқа атпен көтерілген ер адамды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Ақтоғай аудандық ПБ қызметкерлері Шашубай кентінің 51 жастағы тұрғынын анықтаған. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабына («Ұсақ бұзақылық») сәйкес хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Ер адамға құқық бұзушылық әрекеті үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.