Ұсталғандар – 2001 және 2003 жылы туғандар
Кеше Алматыда 30 жастағы ер адам жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып, полицейлерге арызданған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Қылмыстың мән-жайы мен орны анықталды.
Күдіктілер «ізін суытпай» ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұсталғандар – 2001 және 2003 жылы туғандар. Олардың Алматыда тұрақты жұмысы жоқ екені анықталды.
Сондай-ақ полиция қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын атап өтті.