×

Банкроттыққа өтініш берген адамның үш жылдық тарихы тексеріледі

Бұған дейін де кредиторға өтініш жасағанын дәлелдеуі керек

 Ербол Тұрымбет 16.01.2023 | 11:33
Коллаж: Halyq Uni

Қарыз адам мемлекеттік кірістер органдарына банкроттыққа өтініш бермес бұрын осыған дейін де банктерге несие жағдайын жеңілдетуді сұраған өтініші болу керек. Яғни, ол азамат алдын ала банктің ішкі ережелерінде қарастырылған мүмкіндіктерге сай қарызын кешіруді, өсімпұлын тоқтата тұруды немесе қарыз мерзімін ұзартуды сұрап, өтініш жасаса, ол әрекеттерін растайтын құжаты керек. Бұл туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің берешектермен жұмыс басқармасының басшысы Исабек Зауытбекұлы Halyq Uni ютуб-арнасына берген сұхбатында айтып берді. 

Сондықтан, қарыз адам банкроттыққа өтініш берсе оның жағдайы бірінші сатыда бастапқы деңгейде қаралады. Берілген күні қандай да бір мүлкі бар-жоғы тексеріледі. Мүлкі жоқ, қарызы 5,5 млн теңгеден аспаған, соңғы 12 айда төлем жасалмаған, банкпен келісімшарт жасауға тырысқан жағдайда бірінші сатысынан өткен болып есептеледі. 

Екінші сатысына қарай, толығырақ тексерген кезде соңғы үш жылдағы тарихы, қандай іс-әрекет жасағаны қаралады. Онда бұрын қашан мүлкі болғаны, ол мүліктерін не істегені, не үшін төлемей қойғаны түгел тексеріледі. Мәліметтерді жасырып, құжаттарын өзгертіп көрсетуі де мүмкін. Осы мәліметтер анықталған жағдайда кредиторға жолданады.

Мұндайда ол азаматтың банкроттыққа жатпайтынын айтып кредитордың өзі де мемлекеттік кірістер органдарына өтініш бере алады. Біз де ол азаматтың өтінішін кері қайтарамыз. Яғни, мүлкін, көлігін, үйін, қымбат телефонын біреудің атына жазып жіберсе, банкроттық рәсім тоқтатылады, – дейді Исабек Зауытбекұлы.

Айта кетерлігі, барлық үш түрлі рәсім бойынша өтінішті тек қарыз азаматтың өзі ғана бере алады. Басқа қаржы ұйымдары немесе кез келген кредитордің құқы жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама