«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды

Динара Амантай

Күдіктілер Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іздестіріліп жатыр

Фото: Halyq Uni

Алматыдағы «Алтын орда» базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы облысы Қарасай ауданының криминалдық полициясымен күдіктілер:

  • Данияр Әпдіғапаров, 1982 жылы туған;
  • Жұмадин Патов, 1982 жылы туған;
  • Қанат Жақаевқа, 1984 жылы туған;
  • Айдос Нұрқалиев, 1986 жылы туған.

Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша халықаралық іздеуде.

Қазір аталған азаматтарды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижелері кейінірек хабарланады,- делінген ведомство хабарламасында.