«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды
Күдіктілер Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іздестіріліп жатыр
Алматыдағы «Алтын орда» базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алматы облысы Қарасай ауданының криминалдық полициясымен күдіктілер:
- Данияр Әпдіғапаров, 1982 жылы туған;
- Жұмадин Патов, 1982 жылы туған;
- Қанат Жақаевқа, 1984 жылы туған;
- Айдос Нұрқалиев, 1986 жылы туған.
Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша халықаралық іздеуде.
Қазір аталған азаматтарды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижелері кейінірек хабарланады,- делінген ведомство хабарламасында.